Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Кино түсірілімінде ғашық болдым": Дәурен Ақботамен қосылу үшін не істегенін айтты

Ел аузында әлі күнге сөз болған әңгіменің нүктесі қойылды. Дәурен мен Ақбота махаббат хикаяларын, отбасы құру жолындағы қиындықтар мен қалай табысқанын айтып берді. 

Киноға түсіп жүргенде ғашық болдым: Дәурен Айдарқұлов Ақботамен қосылу үшін қандай қадамдарға барғанын айтты

Дәурен Айдарқұловтың айтуынша, Ақботаға түсірілім барысында көзі түскен. Алайда арудың жүрегін жаулау оңай болмаған көрінеді. Бұл туралы Астана арнасының "Той жыры" бағдарламасында айтылды. 

"Гламур для дур фильміне" бас рөлді ойнадық. Сол сәттен бастап Ақбота ұнай бастады. Кейін де отбасылы болғандықтан, бірінші отбасым болғандықтан Ақбота қатынасымызды үзуді талай рет сұраған еді. Мен оған келіспей, ақыры отбасын құрдық", - деді Дәурен. 

Ал, Ақботаның айтуынша,  бастапқыда Дәуренге деген сезімі болған. Уақыт өте келе, 2-3 ай көлемінде бірін бірі ұнатып, махаббат оты лаулағанын айтты. 

"Сүйем сені ар алдында": Жылап жіберген Ақботаны жұбатқан Дәурен жұртты сүйсіндірді >>>

"Маған Ақбота кейде менен үлкен секілді көрінеді, менің сценарийімд бірінші оқып, сынын айтады. Маған ақыл айтатын кездері болады. Жас айырмашылығымыз 14 жасқа ұқсамайды", - деді актер, әзілкеш. 

Талқылау