Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сүйем сені ар алдында": Жылап жіберген Ақботаны жұбатқан Дәурен жұртты сүйсіндірді

Танымал актер Дәурен Айдарқұлов пен келіншегі Ақбота Сейітмағанбет «Екі жұлдыз» байқауынан шығып қалды. Байқау қорытындысы белгілі болған кезде сахнада тұрған әнші ару көз жасына ерік берді. Күйеуі оны жұрттың көзінше әнмен жұбатып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Қазақстан арнасына сілтеме жасап. 

Ақбота мен Дәурен

«Бұл жобаға қатысу біз үшін үлкен абырой мен құрмет. Ақботаға қолдау көрсеткені үшін үлкен рахмет», - деді Дәурен Айдарқұлов.

Сондай-ақ, Ақбота мен Дәуреннің бұл сайысқа 8 айлық сәбиін алып келіп жүргені белгілі болды. 

«Бұл өнер қадамыма, жеке шығармашылығыма үлкен тәжірибе болды. Екі жұлдыз жобасына көп рахмет. Мен үшін өнер мектебі болды. Дәурен екеуіміздің алғашқы дуэтімізге жол ашып берді. Сондықтан да сіздерге көп рахмет. Алдағы уақытта сіздер бізге тамсанатындай керемет бір шығармашылықпен таңғалдырамыз. Мен өзім сондай тез көңілшек адаммын», - деп көзіне жас алды Ақбота Сейітмағанбет. 

Әзілкеш өз кезегінде сахнада құры тұрмай, келіншегін әнмен жұбатты.  Сахнада тұрған барша өнер сүйер қауым оларға қарап тәнті болғанын жасырмады. 

Талқылау