"Ешкім жазадан қашып құтыла алмайды": Мәжіліс төрағасы "Алтын Орда" базарындағы жағдайға пікір білдірді
Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Алматы облысындағы "Алтын Орда" базарындағы мәселе туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Алтын Ордаға" қатысты тергеу жүріп жатыр. Әділ шешім шығады деп ойлаймын, бірақ тексеру нәтижесін күту керек. Ешкім жазадан қашып құтыла алмайтынын өздеріңіз көрдіңіздер ғой. Сондықтан егер кімде-кім қылмыс жасаса, осы базардың иесі немесе басшысы тиісті жазасын алады", - деді Ерлан Қошанов.
Айта кетсек, ақпанда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы және Алматы облысының әкімдеріне "Алтын Орда" базарында тәртіп орнатуды тапсырған болатын.
"Енді заңды түрде жұмыс істеп жатырмыз": "Алтын Орда" базарында екі айда не өзгерді (фото)
Бұған дейін Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев "Алтын Орда" базарындағы тексеріс кезінде санитарлық, экологиялық, құрылыс және көші-қон талаптардың бұзылғаны анықталғанын мәлімдеген болатын.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған