Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кімге құрма жеуге болмайды – Мамандар құрманың пайдасы мен зияны туралы айтты

Құрма – балғын күйінде де, кептірілген күйінде де пайдалы, макро, микроэлементтерге толы жеміс. Оның құрамындағы қоректік заттар ағзаға өте пайдалы. Алайда гастроэнтеролог маман құрманың кей адамдарға зиян екенін айтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Доктор Питер” порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: https://pixabay.com

Құрма – құрамындағы калий жүрек-қантамыр жүйесінің қалыпқа келтіріп, қан қысымын реттеуге және гипертонияның алдын алуға көмектеседі. Сондай пайдалы қасиеттеріне қарамастан құрманың құрамында қант көп.

Ағзадағы қанттың көп мөлшері инсулиннің көмегімен дене жасушаларына сіңіп, энергия ретінде пайдаланылатын глюкозаға айналады. Ал қантты шамадан тыс тұтыну жасушалардың инсулинге деген сезімталдығын төмендетеді. Нәтижесінде глюкозаның сіңу процесі баяулап, ал қанттың артық мөлшері қанда қалады. Сондай-ақ ол екінші типті қант диабетіне де әкеліп соғады. Қантты шамадан тыс тұтыну артық салмақтың жиналуына және көптеген созылмалы аурулардың, соның ішінде жүрек-қан тамырлары ауруларының асқынуына себеп болады. 

Сол себепті артық салмағы бар және қант диабетімен ауыратын адамдарға құрма аз мөлшерде жеген дұрыс. Сонымен қатар құрма газ түзілу процестерін арттыратындықтан асқазан-ішек аурулары бар адамдар да аталмыш жемісті сақтықпен тұтынғаны абзал. 

Құрманың құрамындағы пайдалы дәрумендер мен минералдар бөлігін алу үшін күніне 3-4 құрма жеген дұрыс. Жемістің құрамындағы қант жүйке жүйесін ынталандыратындықтан құрманы күннің бірінші жартысында жеген пайдалы.  Құрма тым тәтті болғандықтан оны сұлы, сүзбе немесе йогурт, тіпті салаттар секілді түрлі тағамдарға қосуға болады. 

Талқылау