Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Киевте Украина территориясын Ресейге беру мүмкіндігі талқыланып жатыр – БАҚ

Киев шенеуніктері Украина территорияларының бір бөлігін Ресейге беру мүмкіндігін талқылап жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Financial Times басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Reuters

Вашингтонда, кей Батыс елдері мен Киевте көңіл-күй өзгерді.

"Болашақ үшін ең жақсы мүмкіндік – елдің көп бөлігін құтқаратын келіссөздер жүргізу", – делінген материалда. 

Ресейлік БАҚ мәліметінше, Киевтің кейбір батыстық одақтастары Таяу Шығыстағы жағдайдың нашарлауына байланысты Ресей-Украина арасындағы жағдайды қайта қарастырып жатыр. 



Ал Киев аумақты берудің орнына қауіпсіздік кепілдігін, яғни НАТО-ға мүше болуды күтіп отыр. 

"Алайда бұл сценарий өршіл болжамдарға негізделген. Біріншісі, АҚШ пен оның одақтастары Киевке альянсқа кіруге міндетті жол бергісі келмесе де, НАТО-ға мүше болу немесе қажет кепілдіктерді ұсынуға дайын болуы керек”, – делінген шетелдік басылымда.

Сонымен қатар мақалада Ресейдің мұндай келісімге келісетініне күмән келтіріледі. Өйткені Ресей президенті Владимир Путин бұған дейін Киевтің Солтүстік Атлант блогына кіруіне жол бермеу мақсаты барын айтқан еді. 

6 қазанда британиялық Financial Times газеті дереккөздерге сілтеме жасап, Украина мен Батыс шенеуніктері Киев пен Мәскеу арасындағы қақтығысты тек "неміс сценарийі" бойынша ғана шешуге болады деген қорытындыға келе жатқанын жазды. Ал Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков қақтығысты "неміс сценарийі" бойынша шешу мүмкіндігімен келіспейтінін айтты. 

Айта кетейік, бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский Ақүйде Джо Байденмен және конгресте республикалық және демократиялық партиялардың өкілдерімен кездескен еді. Ол америкалық саясаткерлер оның Ресейге қарсы соғыстағы "Жеңіс жоспарын" қолдайды деп үміттенген. Дегенмен Зеленский АҚШ-қа сапары кезінде Трамптың өткір сынына ұшыраған. Дональд Трамп Украинаның жеңіске жетуі екіталай екенін айтқан. Ал Өкілдер палатасының спикері Майк Джонсон Зеленскийдің Пенсильванияға сапарына байланысты Украинаның АҚШ-тағы елшісін қызметінен босатуды талап еткен.

Талқылау