Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Киерге киімім болмады: Түлектер кешінен бас тартқан отандық жұлдыздар кімдер

Мектеп бітіріп, қоштасу кешіне бара алмай қалған жандарға, жұлдыздардың айтар жұбатуы бар! Мәселен, танымалдардың кейбірі кезінде киерге көйлек таппаған соң, айтулы шарадан бас тартқан екен.

Киерге киімім болмады: Түлектер кешінен бас тартқан отандық жұлдыздар кімдер

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Түлектер кешінде төбе көрсетпеген жұлдыздардың бірі – Сара Амангелі. Жоғарғы оқу ордасын жуырда тәмамдаған өнерпаз бұл қылығын былай түсіндірді.

“Шынымды айтсам, мен өзім мектеп бітіргенде, университет бітіргенде, колледж бітіргенде, бітіру кешіне бармағам. Бұл менің фишкам болды да, сыныптастарымның арасында. Ерекше болғанды қалайтын едім да, көйлек таппай, көйлек болмаса бармағаным артық дейтінмін”, – дейді Сара.

Әнші ару көркі көздің жауын алар көйлектердің талайын, есесіне қазір киіп жүрмін дейді. Бұл сөздермен Сараның әріптесі Фариза да келісе кетті. «Джейрандық» қыздың сөзінше, оқушыларға бір сәттік шараны емес, болашақты ойлау маңыздырақ.

“Қоштасу кеші ғой. Өзім шынымды айтсам мүлдем дайындалған жоқпын. Өйткені мен үлкен өмірге қадам басып жатқаннан кейін, оған аса қатты мән берген жоқпын. Мен кім боламын, болашағым қандай деген сияқты сұрақтар көбінесе мазалады”, – дейді “Джейран” тобының әншісі Фариза Ескермесова.

«Джейрандықтар» арасынан түлектер кешін тек Фариза ғана емес, Алтынай да елеп-ескермеген екен.

“Қыздармен келісемін, тіпті уайымдаған жоқпын, тіпті барған да жоқпын. Өйткені білмеймін. Шынымды айтсам мен барған жоқпын, Фариза айтпақшы, үлкен сұрақтар ойда болды. Сондықтан да, кеш өзімен-өзі өтті менсіз”, – дейді Алтынай Жолдыбаева.

Ал, танымал вайнер Нұрлан Батыров қоштасу салтанатынан бас тартпаса да, айтулы кешті дүркіретіп атап өтетіндерге мүлде қарсы.

“Мектеппен қоштасу кешін үйде өткізгенбіз. Ол заманда мейрамхана деген жоқ, ата-аналарымызбен бірге барлығымыз дастарқанға жиналдық. Жүрекке жылу ұялататын, естеліктер ғой”, – дейді ол.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау