Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қыдырәлі Болманов: Жезөкшелерді қорға деп 4000 доллар ұсынды, мен ойланайын дедім

Атақты әнші Қыдырәлі Болманов ешкім білмейтін сырларын айтты. Продюсер өнер жолындағы қызықтар мен қиындықтар қатар жүретіндігін мойындап, өзі де талай рет сұмдық ұсыныстарға тап болғанын ашық айтты.

Бұл туралы "Ең алғашқы" бағдарламасында айтылды.

"Танымалдылық артып, абыройымыз салмақтана бастаған кез еді. Бір күні қасымдағы көмекшім "сізді бір кісілер кездесуге шақырып жатыр" деді. Ойымда ештеңе жоқ, келістім. Сөйтсем, 15 жезөкшенің жеңгетайы екен. "Бізді "крышевать" етіңіз, айына 4 000 доллар беріп тұрамыз. Ол үшін сіз ешқандай қағазға қол қоймайсыз, келісімшарт жасамайсыз" - деді.

Бірден "жоқ" деп жауап берген жоқпын. Үш күнге уақыт сұрап алдым. Қасымдағы жігіттер көндіре бастады. Сенің атыңды атамаймыз деді. Өзім де төрт мың долларды қимай тұрмын. Ақша қатты керек еді. Ойдағы жоспарлардың барлығын жүзеге асыру үшін қыруар қаражат керек. Сол қаражатты оңай жолмен беремін деп тұрған кезде жоқ деп айту қиын болды. Бірақ, үш күн ойланып келіп, қасымдағы  жігіттерге мұндай шайтан жолмен ақша таппаймын" - дедім.



Әнші өмірінің қиын сәттерін есіне түсіріп, көзіне жас алды.

"Мен үшін ең ауыр болған жыл – ол әскердегі кезім. Бір жылдың ішінде ауылдан екі телеграмма алдым. Біріншісінде әжем қайтыс болғандығы жазылса, екіншісінде анашымнан айырылғандығым туралы хабар келген. Қанша жылдар өтіп, есейсем де, анашымды күнде сағынамын. Балаларым тізесіне жабысып неге ойнамады деп армандаймын" - деді Қыдырәлі Болманов.

Анасын езіле есіне алған танымал продюсер анасының басына қойылған тасқа оның бейнесін өзі қашап салғанын айтты.

Талқылау