ҚФФ төрешілер департаментіне португалиялық директор болып тағайындалды
Қазақстан футбол федерациясының Төрешілік және инспекциялау департаментінің директоры қызметіне 52 жастағы португалиялық маман Нуну Алешандре Паррейра де Каштру тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: kff.kz
Нуну Алешандре Паррейра де Каштру 34 жаста. Мансабында Португалия футбол федерациясы мен Белгия футбол қауымдастығында VAR жүйесін енгізу жұмыстарын, төрешілерді тағайындау, төрешілер департаментін басқару және әкімшілік басқару бөлімдерінде басшылық міндеттер атқарған.
Португалдық маман УЕФА сарапшысы ретінде 100-ден аса ойындарды өткізген. Сонымен қатар халықаралық жарыстарда 170-тен астам матчтарда инспектор болған.
Де Каштру Португалия футбол федерациясының Төрешілер академиясының техникалық директоры ретінде төрешілерді дайындаудың кешенді жүйесін әзірлеп, заманауи оқыту әдістерін, онлайн бағдарламаларды және төрешілік шеберлікті дамытуға бағытталған CORE жобасын іске қосты.
Халықаралық деңгейде УЕФА-мен тығыз жұмыс істеген ол CORE бағдарламасының нұсқаушысы болып, жетекші турнирлерде төрешілердің жұмысын қадағалап, Англия, Ирландия, Украина және Швециядағы төрешілік жүйесінің дамуына үлес қосты. CORE бағдарламасының тәлімгері ретінде ол Бенуа Бастьен, Гленн Нюберг секілді жоғары деңгейлі төрешілерді дайындады.
Қазір ол – УЕФА-ның инспекторы әрі техникалық бақылаушысы. Сондай-ақ УЕФА төрешілік конвенциясы комитеті және УЕФА төрешілер корпусының мүшесі.