Кейбірінің қолы байланған: Киев маңындағы Бучада қаза тапқан бейбіт тұрғындардың мәйіті жатыр
Киевтің солтүстік-батысындағы бір айдан астам уақыт бойы ресейлік әскерилердің бақылауында болған Буча қаласында ондаған, тіпті жүздеген бейбіт тұрғынның қаза тапқаны мүмкін екені айтылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Украинская правда басылымына сілтеме жасап.
Ресей әскері солтүстікке, Беларусь шекарасына қарай тез шегініп кеткеннен кейін украин әскері қаланы бір күннің ішінде қайтарып алды. Әлеуметтік желілерде кейбір көшелердің тура ортасы қаза тапқандардың мәйіттеріне толып жатқанын көруге болатын фотолар мен видеолар пайда бола бастады.
Сенбі күні қалаға шетелдік БАҚ, соның ішінде Reuters және AFP тілшілері келді. Олар өз баяндамаларында көшелердегі мәйіттердің көптігін растады.
- Путиннің айналасындағылар оған шындықты айтуға қорқады - АҚШ-тың барлау қызметі
- Нәтиже берген алғашқы келіссөз: Ресей мен Украина делегацияларының кездесуінен кейін соғыс аяқталады деген үміт пайда болды
- "Вова ағайды көмекке шақырамыз": Қазақстанда радиожүргізушінің айтқан сөзі көпшіліктің наразылығын туғызды
Әңгіме бейбіт тұрғындар туралы болып жатуы мүмкін, себебі қаза болғандар азаматтық киім киген, олардың кейбірін туыстары танып үлгерген. Олардың кейбіреулері атқылау кезінде қаза тапқаны анық немесе миналардың астына түсіп қалған. Бірақ фотодан қолы байланған адамдардың денелерін де көруге болады. Украина президенті кеңсесінің кеңесшісі Михайло Подоляк оларды ресейлік әскерилер атып тастаған деп болжайды.
Bucha, Kyiv region. The bodies of people with tied hands, who were shot dead by 🇷🇺 soldiers lie in the streets. These people were not in the military. They had no weapons. They posed no threat. How many more such cases are happening right now in the occupied territories? (1/2) pic.twitter.com/AJloZ81JIt
— Михайло Подоляк (@Podolyak_M) April 2, 2022
Қала әкімінің айтуынша, 300-ге жуық Буча тұрғынының денесі бауырлас бейітте жерленген.
Ал Ресей қорғаныс министрлігі Reuters агенттігінің сауалына әлі жауап берген жоқ.

Алматыда күзетші мейрамханаға келген қызды сүйреп шығарып жіберген: Көпшілік ресторанға бойкот жариялады
