Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Кесіп тастауға тура келді": Қостанайда 8 жасар қыздың саусағын әткеншек қысып қалды

Қостанайдағы аулалардың бірінде 8 жасар қыздың саусағын әткеншек қысып қалған. Салдарынан қыздың саусағын жартылай кесіп тастауға тура келді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Үйінің ауласында ойнап жүрген қыздың саусағын әткеншектің темір бөлшегі қысып қалған. Ата-анасы оны дереу жедел жәрдем бөліміне апарған. Нәтижесінде саусақтың фалангасы бұзылып, жұмсақ тіндердің бір бөлігін алып тастауға тура келді.

Қыздың анасы ойын алаңын тексеруді сұрап, дереу ПИК төрағасына жүгінген.

"Ол менімен сөйлесуден бас тартты. Ойын қалаңына ешқандай қатысы жоқ екенін алға тартып, дөрекі жауап берді. Әткеншек көптеген жылдар бойы ойын алаңында тұрғанын, ешқандай шағым түспегенін айтты. Мен шара қолдансын деп полиция шақырдым", - дейді зардап шеккен баланың анасы.

Полиция бұл оқиғаға қатысты іс жүргізбеген. Қыз жарақат алған әткеншектің бөлігін пластик бөтелкемен жауып қойыпты. Бұдан басқа шара қолданылмаған.

Әйел ПИК төрағасы мен полиция қызметкерлерінің үстінен прокуратураға арыз жазған.

Талқылау