"Кешіргенше, өліп қалғаным жеңілірек": Жәния Джуринская намысына тиген туысы жайлы айтты
Жәния Джуринская бойындағы ұнамсыз қасиеті жайлы айтты. Актриса өзін ренжіткен адамдарды кешіре алмайтынын, кекшіл екенін жеткізді. Ол осыдан 10 жыл бұрын намысына тиген туысы жайлы әңгімелеп берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Осыдан 10 жыл бұрын менің бір туысым намысыма тиетін сөз айтты. Қазірдің өзінде туыс деген сөздің өзінен тамағым күйіп барады. Барлығы кешегідей есімде. Мен оны жек көремін, бойымда оған деген жеккөрініш, кекшілдік бар", – дейді Жәния.
Бүгінде танымал актриса, табысты кәсіпкерге айналған Жәния психологиялық тұрғыдан мұның дұрыс емес екенін біледі. Адамдарды кешіріп, өкпе-ренішті жіберу арқылы жеңілдейтінінен де хабардар. Бірақ болмысымнан айни алмаймын, деп мәлімдеді ол. Айтуынша, ол "кек сақтап" қалған адамдардың саны алтау.
"Мен үнемі қандай да бір кемістіктермен жұмыс істейтін адаммын. Бірақ сол адамдарды кешіре алмаймын. Маған өліп қала салған жеңілірек. Апокалипсис болып, жер бетінде жалғыз өзім қалсам да, бәрі есімде қалады, кешірмеймін. Ренішті жібере алмаймын", – деді Джуринская.
Актриса қандай адамдарды кешіре алатынын айтты.
"Ренішке көз жұма қарау үшін мен ол адамды ессіз жақсы көруім керек. Оның өзінде басымда ол реніш айналып тұрады", – деді Жәния.