AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Кеш түсінгеніме өкінемін": Тәуекел Мүсілім ұлын қалай тәрбиелегісі келетінін айтты

Тәуекел Мүсілім ұлына қандай тәрбие бергісі келетінін айтты. Ол өзінің бала кезін еске алып, не үшін өкінетінін түсіндірді. Бұл олқылық ұлының өмірінде қайталағанын қаламайтынын жеткізді. Бұл туралы Тәуекел Тимур Балымбетовпен болған подкаст кезінде әңгімеледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Актер шығармашылық пен отбасына қалай қатар үлгеруге болатынын айтты. 

"Түсірілімнен кейін үйге қарай асығамын, ұшамын. Үйде алатын эмоцияларды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Оның иісі, сені көрместен даусыңа қарауы, белсенді бола бастауы тым қымбат. Сондықтан қолым қалт етсе, тіпті, бірнеше сағат бос уақытым болса да, үйге баруға тырысамын. Тым болмағанда құшақтап, иіскеп, бірге уақыт өткізу үшін", –  деді ол. 

Тәуекелдің ұлы Айтөре бір жастан асты. Бүгінде әкесінің сөзін түсінеді, мұқият тыңдайды. Ал актер қолы қалт етсе, қоршаған ортаны таныстыруға асығады екен. 

"Әдетте серуенге шығамыз. Ұлымды қолыма алып, айналадағы дүниелерді түсіндіре бастаймын. Түсінсін деп әдейілеп қазақша айтамын. Кім екенін, ата-анасы кім екенін айтамын", - дейді актер.

Сондай-ақ, Тәуекел бала кезін еске алып, не үшін өкінетінін айтты. Бұл олқылық ұлының өмірінде қайталағанын қаламайтынын айтты.



"Өзімнің бала кезіме қарайтын болсам, мектепте оқып жүрген кезде, тіпті университетке түскеннен кейін болашақта кім болғым келетінін білмедім. Ақша табу керек екенін түсінетінмін. Бизнеспен айналысамын деп ойлайтынмын. Бірақ шығармашылыққа келгеннен кейін барып жалпы кім болғың келетініңді білу маңызды екенін түсіндім. Мұны 26 жасымда кеш түсінгеніме өкінемін. Мені бала кезімнен мазалаған, жауабын таба алмаған сұрақтарға жауап іздеуге балама көмектескім келеді.

Өзім бейбітшіл бала болдым. Төбелеске келгенде мен ешкімнің бетінен ұрмайтынмын. "Берілесің бе?" - деп сұрайтынмын. Бірақ менің бетімнен ұрған сәттер болды. Мен үшін ол қиын сәт болды, оны түсіндіретін адам болған жоқ. Ол сұрақ мен ұзақ уақыт мазалайтын. Сондай сәттердің алдын алып, балама өмірде болатын жағдайлар туралы айтамын", - деді актер.  

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр