AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бәрін емдей алмаймыз": Ләйлә Сұлтанқызы балаларды ауыртпаудың жолдарын ұсынды

Ләйлә Сұлтанқызы елде науқас балалардың көбейіп бара жатқанын айтып, денсаулық сақтау министріне өз ұсыныстарын білдірді. Ол ауыр дертке шалдыққан балаларды емдегеннен гөрі, ауыртпаудың жолын іздеуді ұсынды. Ол үшін жүкті және бала босанған келіншектерге тиісті жағдай жасалуы керектігін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Сұлтанқызы желідегі оқырмандарына "Қазақстан халқына" қорына жиналған ақшаны қайда жұмсаған дұрыс деген сауал тастаған. Сауалнамаға қатысқан 2400-ге жуық адамның 1622-сі "балалар еміне" деп жауап берген. 

Тележүргізушінің айтуынша, қордағы ақшаны балалар еміне деп бөлгеннің өзінде барлық науқастарды емдеу мүмкін емес. 

"Мәселені ақшамен шеше салу оңай көрінгенімен, бұл себебімен емес, салдарымен күресу ғана.

Қарап отырсаңыздар, блогерлер, танымал адамдар талай балаға көмектесіп жүр. Ел болып ақша жинауда. Игі іс.

Бірақ мұның барлығы салдарымен күресу. Көп балалар ауруларының алдын алу үшін не істелінуде, не істелуі тиіс?" - деді Сұлтанқызы. 



Тележүргізуші өз ұсыныстарын білдірді. 

"Өз ойыммен бөлісейін, қосарыңыз болса жазыңыз. Денсаулық сақтау министрі Ажар ханымға жеткізейік.

  •  Ең үздік деген, халықаралық стандартқа сай техника жеткізіп, онымен жұмыс істейтін мамандарды неге оқытпаймыз?
  •  Неге бала жоспарлау кезінде нақты әке-шеше жауапкершілігіне ден қойып, шалғай жерлерде тегін курстар ашпаймыз (школа будущих родителей)?
  •  Неге генетикалық ауруларды ерте анықтайтын анализдерді тегін қылмасқа және әрбір аудан орталығында қолжетімді етпеске?
  • Жүкті келіншектерге, туған соң ай сайын емханаға жете алмайтындарға неге жағдай жасамаймыз?
  • Тегін массаж, дәрумендер, кейбір узкий специалистердің қабылдауы мен емін қолжетімді қылу т.с.т.

Балаларымызды қалай емдейміз емес, қалай ауыртпау керек деп уайымдауымыз керек. Мойындайық, қормен, балаларды емдеуге ақша жинаумен бұл мәселені шеше алмаймыз. Оның орнына бар ресурсты қымбат техника мен мықты мамандарға бұрсақ қайтеді?

Осы денсаулық саласындағы қыз-қыз қайнап жататын басты проблеманың бірі болуы керек еді, бірақ біз бейкүнә сәбидің қиналуын сөз етпей, көп жағдайда ересектердің мәселесін шешуге құмармыз. Қандай өкінішті" - деп жазды Сұлтанқызы. 
 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр