Кенжебек Жанәбілов туған ағасын жер қойнына тапсырды
“Музарт” тобының әншісі Кенжебек Жанәбілов туған ағасынан айырылып қалды. Бұл туралы Сәкен Майғазиев жария етті, деп хабарлайды Stan.kz.

“Құдіреті күшті Алла тағаланың бұйрығымен Кенжиктің үлкен ағасы Бейсенғалиды соңғы сапарға шығарып салдық. Бір апта бұрын ғана Кенжемізге xабарласып, соңғы жазған әндеріне жақсы баға беріп, “Мақпалмен ән шырқағаныңды аке-шешеміз көрмей кетті-ау…” деп, көзіне жас алған екен. Қамшының сабындай қысқа ғұмырда бір-бірімізді бағалап жүрейік, достар”, – дейді Сәкен Майғазиев.
Желідегілер Кенжебектің отбасына көңіл айтып, әншінің қайғысына ортақ екендерін жеткізді.
Оқи отырыңыз:
Ринат Зайытов: Құзырымда болса бағдарламалардың 90%-ын жауып тастар едім
91-ге ұқсас Black Dial тобының алғашқы бейнебаяны желіні “жарды” (видео)
2025 жылы болған басты саяси оқиғаларға шолу: Қазақстанда не өзгерді
Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатына тоқталдық
Желіде қазақстандықтарға төсбелгілер 350 мың теңгеден сатылып жатқаны туралы ақпарат тарады
“Намыс” және “Батыр Шапағаты” төсбелгілерінің эскиздерін әзірлеген Бақытбек Смағұл төсбелгілерді алаяқтар сатып жүр дейді