Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кенжебек Жанәбілов 11 жылдан кейін балалы болуының сырын ашты

Кенжебек Жанәбілов өзіне 4 бала сыйлаған әйелімен қазіргі қарым-қатынасы жайлы жан сырын ақтарды, деп хабарлайды Stan.kz Тимур Балымбетовтың Er-Batyr жобасына сілтеме жасап.

"Музарт" тобының әншісі әйелдің қадірі жайлы сөз қозғады. 

"Қазір одан сайын жақсы көресің ғой. Кішкентай, өзім аңсап жүрген нәрестені дүниеге әкелді. Бірінші Алланың қалауы, екіншіден адамнан адам шығу оңай емес. 

9 ай көтереді, Алла баланы жаратқан кезде қандай қиындықтары бар. Оны біз, еркектер көтере алмаймыз. Исламда "еркектің жүрегін әйелге берсе, шыдамайды" деген бар ғой. Әйел 40 жанды дейді. 

Ананы не үшін құрметте дейді? Балаға жанын беретін, сол үшін басын тігетін, жолға тұратынын біледі", – дейді Жанәбілов.

Тұңғышы дүниеге келгенде дәрігерлер онымен сөйлесетін бала керектігін айтқан. 


Тамара Асар тұрмысқа шықты (видео)


"Сонда Алладан дұға тілеген кезде екеуін бір-ақ берді. Қазір екеуі үлкен ұлымды түсінеді, айта алмайтынын айтқызады. Дәрігердің айтқаны сол екен. Әйелім отбасында 7 ағайынды, мен 18 баланың 17-шісімін. Әлібиден кейін 3-4 жылдан тағы бір қыз бала дүниеге әкеп берсең, сол қыз-бала өскенше өзіміз де 60-70-ке кеп қаламыз-ау деймін", – дейді өнер иесі.

Кенжебек арада көп жылдар өткеннен кейін балалы болуының сырын ашты. Айтуынша, тұңғышы артынан ерген інісінің болғанын қалаған. Алла кенже ұлымды тұңғышымның тілегіне қарай берді, деп ойлайды әншінің өзі. Сондай-ақ әнші ажырасуға үзілді-кесілді қарсы екенін жеткізді. 

"Ажырасу – деген жүректің тыныштығына мүмкіндік бермейтін нәрсе. Жүрек тыныш болуы үшін сен өнегелі отбасы, өнегелі әке болуың керек. Ол үшін өзің, жүрген жүрісің дұрыс болуы керек. Бала сенің айтқаныңды емес, істегеніңді істейді. Оған көзім жетті.

Ұрыспайтын адам болмайды, ол кез келген отбасында болады. Бірақ оны дер кезінде жылы жауып қою керек. Ашуды не жағады? От. Не өшіреді? Су. Ашуланып тұрған кезде барып дәретімді алып, үстіме су құйып жіберемін. Болды", – деп ағынан жарылды ол.  

Айта кетейік, Кенжебек Жанәбілов 2007 жылы Жәмилә есімді арумен отау құрған. 2008 жылы Ахмет есімді ұлы, 2009 жылы егіз қыздары дүниеге келген. Ал кенже ұлы Әліби араға 11 жыл салып, былтыр жарық дүние есігін ашты.

 

Талқылау