Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кенжебек: Әкем 4 жасымда, анам оқушы кезімде қайтыс болған

"Музарт" тобының мүшесі, әнші Кенжебек Жанәбілов ата-анасы мен отбасы жайлы айтты. Әке-шешесінен ерте айырылған әнші жалғыз емес. Аға-әпкелері, бауырлары бар. Бір өкініші, әнші болғанын анасы көре алмай кеткен еді.

Кенжебек: Әкем 4 жасымда, анам оқушы кезімде қайтыс болған

Бұл туралы "Талантым-тағдырым" бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Кенжебек Жанәбілов Түркістан облысы Созақ ауданына қарасты Шу ауылының тумасы. Анасы он сегіз құрсақ көтерген. Өзі үйдің кенже ұлы болғандықтан есімін Кенжебек деп қойған. Өзінен кейін туған қарындансы 5-6 жасында өмірден озған екен. 

"Біз отбасымызбен өнерге жақынбыз. Анам ән салатын. Анамсыз ешбір кеш, той болмаушы еді. Бауырларым өнерге жақын болды. Ән айтатын, домбыра, гитара тартатын. Солардың қасында жүріп, менде өнерге келдім десем болады. Анам да дұғасына мені қосып, жұлдыз болса деп армандаушы еді. Тілегі қабыл болды. Бірақ менің сахнаға шыққанымды өзі көре алмай кетті", - деді әнші. 

Айтуынша, бүгінде қара шаңырақта қос ағасы қатар тұрады. Қалаға көшкісі жоқ. Ағайын-туысқа көмектесіп, қолғабыс етемін дейді ол.

"Анам біраз уақыт төсек тартып жатты. Сол кезде кенжем қасымда болсын деп мені қаладан шақыртып алды. Ол кезде мен бокспен айналысып жүрген едім. Бір жыл бокспен айналыстым. Егер әнші болмағанда, спортпен айналысатын едім. Анам менің әншім болғанымды қалады. Өнерде жүрсе деді. Тілегіне мені қосып отыратын. Анамның дұғасын Алла қабыл етіп, бүгін өзім армандаған топта ән айтып жүрмін. Алайда анам мені сахнадан көре алмай кетті. Мен 11-сынып оқып жүргенімде өмірден озды. Әкем менің 4 жасымда көз жұмды. Әкем еміс-еміс қана есімде. Кейін туған ағамның ұлы көз жұмды. Осының бәрін көтере алмады ма 1968 жылы туған ағам да жастай қайтыс болды", - деді әнші. 

Әнші өзге бауырларының бір-бір отбасы болып отырғанын айтады. Ағасыны бірі бала күнінен өнерге бейімдесе, бірі қалаға жетектеп әкелген. Бүгінде өнердегі ағаларының арқасында белді топ мүшесі. Келіншегі Жәмила екеуінің Ахмет, Әлиби есімді ұлы, Карима, Кәлима есімді егіз қыздары бар. Жақында ғана ұлды болған әнші кенжесінің кіндігін өзі кескенін айтты. Ал, біз өз тарапымыздан сәбидің бауы берік болсын дейміз.


Тағы оқыңыз:

Кенжебек Жанәбілов: Мені "Музартқа" ұсынған Тоқтар Серіков ағамыз болатын


 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр