Кентал өзіне жар мен сәби іздеуде
Кентал «Прости, мне очень жаль» бейнебаянындағы Санда мен екеуінің қызының орнын басатын актрисаларға іздеу салды. Әнші жаңа бейнебаянын таспаламақ, деп хабарлайды Stan.kz.
Шоу-бизнес әлеміне он шақты жыл бұрын қадам басқан Кенталдың танымалдылығы «Прости, мне очень жаль» әнінен кейін арта түсті. Әншіге отбасындағы әкенің рөлі ұнап қалған ұқсайды.
Сырт-келбеті тартымды, бойы 170 см-ден кем емес, жасы 20-27 аралығындағы бойжеткендердің құлағына алтын сырға! Кентал жаңа туындысында өзіне жар болатын бойжеткенді іздестіруде. Сондай-ақ, 5 айдан 1 жасқа дейінгі сәбиіңіз бар болса, оны Кенталдың клипіне ұсына аласыздар. Тағы бір айта кетерлігі – басты рөлді сомдайтын актриса тұрмыс құрмаған болуы тиіс. Айтпақшы, жаңа туынды мұңлы емес, керісінше, көңілді болатын ұқсайды.
Жіберіп алмаңыз:
Ғалымжан Молданазар қазақстандықтарға кебіс киіп жүруге кеңес берді (фото)
Әкесіне таласқан Майғазиевтың қыздары желі қолданушыларын сүйсінтті (фото)
Бүркіт пен Айша үш қабатты үй сатып алды
Асхат Садырбай Ерке Есмаханға жауап берді: Әркімнің өз ақиқаты бар