Кеңседе қыз зорлау оқиғасы: Прокурор Талдықорған полициясының экс-басшысын 12 жылға соттауды сұрады
Прокурор Талдықорғанда қыз зорлады деген күдікке ілінген полиция басқармасының бұрынғы бастығы Марат Күштібаевты 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: time.kz
Экс-полиция бастығына қатысты іс бойынша сот отырысында прокурор сотталушы Талдықорған полициясының бұрынғы бастығы Марат Күштібаевты 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Бұл ақпаратты Жетісу облыстық соты растады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Талдықорған полициясының басшысы қыз зорлады деген күдікпен ұсталған. Кейін ол екі айға қамауға алынды. ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының 2-бөлігі ("Адамның қызметтік міндеттерін атқару кезінде жасаған зорлау") бойынша қылмыстық іс қозғалған. 29 ақпанда Марат Күштабаевтың қыз зорлау ісі бойынша сот процесі басталғаны хабарланған.
Бұған дейін Талдықорғандағы қыз зорлау оқиғасынан кейін орта шенді полиция қызметкерлерін аттестациядан өткізбек екені белгілі болған.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар