Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кенияда салық реформасына наразы халық парламент ғимаратын өртеп жіберді

Найробиде салық реформасына қарсы шыққан жергілікті халық полиция шебін бұзып, ел парламенті орналасқан ғимаратқа өрт қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: AFP/LUIS TATO

Мыңдаған адамды райынан қайтармақ болған полиция қызметкерлері көзді жасаурататын газ бен суатқышты қолданды. Алайда бұл әрекет сәтсіз аяқталып, тәртіп сақшылары халыққа қарсы оқ жаудырды.

Кенияның ұлттық ауруханасы әлеуметтік желідегі парақшасында наразылық кезінде зардап шеккендердің жеткізіліп жатқанын жазды. 

Медицина қызметкерлеріне сілтеме жасаған жергілікті телеарна шеру кезінде 8 адамның көз жұмғанын мәлімдеді. Reuters басылымының мәліметінше, алаңда кемінде 5 адамның мәйіті жатқан. Сондай-ақ жоқ дегенде 10 адамның оққа ұшқаны туралы ақпарат бар. 

Наразылық шерулері елдің басқа қалаларында да өткен. Қазір Кенияда мекемелердің басым бөлігі жабық, көлік қозғалысы түгелдей тоқтады.

Депутаттар жаңа әрі қажетсіз салықтарды енгізу туралы заң жобасын қабылдаған соң жергілікті халық шеруге шыққан. Олардың бірі парламенттегілердің бәрін отставкаға жіберіп, жаңа үкіметтің құрылғанын қалайтынын айтты.

Талқылау