Кемшіліксіз адам болмайды: Сәбит Әбдіхалықов өзін айыптағандарға жауап берді
Белгілі актер Сәбит Әбдіхалықов жақында үшінші рет үйленіп, сәбилі болған еді. Өз отбасын тастап, үшінші мәрте үйленген актерді сынға алған жандар көп. Әбдіхалықов ұзақ үзілістен кейін өзін айыптағандарға жауап берді.
"Қанша адам болса, сонша пікір болады. Әр адам әр түрлі ойлайды. Бәрінің пікірін ескеріп, жақын қабылдай беру керек емес. Біреудің лас нәрсесін естігенде айналып өту керек. Адам лас нәрсені көргенде аяғын көтерсе, зияны тиетін сөздерді естігенде, оған мән бермей, жауап қайтарудан тыйылуы өзіне деген құрметі болып саналады. Жақсы адамдар болады. Олар жақсы сөзін, жылы лебізін аямайды. Жақсылық тілеп тұрады. Ал, жақсы сөзін қимайтын жандар бойыңнан қателік тауып, сені айыптауға дайын болады. Олай тере берсең, періштеден де кемшілік табылады. Алтын көрсе, періште жолдан таяр деген. Бәріне бақыт тілеймін. Бастысы дендеріңіз сау, бастарыңыз аман болсын. Бейбіт заман, ел тыныш болсын", - деп жазды ол парақшасында.
Актер адамның кемшілігін емес, жақсылығын, жақсы қасиетін көруге ұмтылу керек дейді. Әр пенденің бойында кемшілік бар деген ойын жеткізді.
Алтынай Жорабаевамен ажырасқан Әбдіхалықов өзінен бірнеше жас кіші актриса қызбен шаңырақ көтерген еді. Жақында үшінші отбасында ұл бала өмірге келді.
"Дұрыс айтасыз, әркім өз өмірін қалай сүрем десе өзі біледі", "Әрадам өз ісіне өзі жауап береді, ал әр айтқан ғайбат сөз иесі сөзі үшін жауап береді", "Айтқаның дұрыс болса да, біреуді сыртынан жамандауға болмайды", "Екі отбасын тастап кеткен адамды кім айыптамайды", "Біреудің өмірінде жұмысымыз жоқ, кімнің кінәлі екенін білмейміз", - деп жазды желі қолданушылары.
- “Әкемнің қасында бір адам болу керек”: Айгүл Иманбаеваның ұлы ашық сұхбат берді
- Алтынай Жорабаева екінші күйеуін көрсетті (видео)