Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Желіде Сәбит Әбдіхалықовтың "үшінші жарымен" түскен суреттер тарады: Таңдауы қай аруға түсті?

Желіде актер әрі режиссер Сәбит Әбдіхалықовтың үшінші рет отау құрған сәтінен суреттер таралған еді. Әбдіхалықовтың бұл жолғы таңдауы жас актриса Динара Абдуллинаға түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Динара Абдуллина

Сәбит Әбдіхалықовтың үшінші жары атанып, құлағына сырға таққан Динара Абдуллина 1989 жылы 30 қаңтарда Атырау облысы, Исатай ауданы, Тұщықұдық ауылында дүниеге келген. 

2007-2011 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының "Драма театр және кино" актер мамандығы бойынша білім алған. 

2011 жылдан бері Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында актриса болып жұмыс істейді.

2017жылы "Дарын" мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. 

Жас актриса осы күнге дейін көптеген отандық телехикаяларға түсіп, бірнеше басты рөлдерді сомдап үлгерді. "72 сағатта үйлену" атты фильммен көпшілікке танымал. Осы күнге дейін "Шырағым", "Саған сенемін", "Иірім. Ана қадірі", "Шекара шебінде", т.б. сериалдарда бой көрсетті. 

Телехикаядан бөлек театр сахнасында осы уақытқа дейін Джульетта, Баян, Меңсұлу сынды басты рөлдерді сомдаған. 


Тағы оқыңыз

Сәбит Әбдіхалықов: Мен Алтынайды емес, Алтынай мені тастап кетті

Театр туралы қызықты деректер


Актрисаның БАҚ-қа берген сұхбатының бірінде: 

"3-курста оқып жүргенімде аяқ-астынан әкем өмірден өтті. Сол кезде бірден есейіп кеткенімді сездім. Ауылға анамды, інілерімді жұбатамын, жыламаймын деп бардым. Солай істедім де. Бірақ інілерімнің жылағанын көргенде, өзімді тоқтата алмадым. Содан бастап, оларды оқытуды, үйлендіруді, дұрыс жолға түсіруді өзіме мақсат еттім. Менің бақытты болуым – солардың бақытын көру", - деген ол алдағы уақытта өз азаматын жолықтырып жатса өнерден кетіп, отбасын қарауға келісетінін айтқан.

"Алдағы уақытта өз адамымды жолықтырып, тұрмысқа шыққанда, азаматым өнерден кетуімді қаласа, келісемін. Өзімді отбасыма, балаларыма арнаймын", - деген еді Абдуллина. 

Сондай-ақ, актриса өзіндік пікірі бар, намысты, мінезді, сөз мен ісі бір, өзін сыйлайтын және өзгеге сыйлата алатын адам ұнайтынын айтқан.

Айта кетейік, бұған дейін Сәбит Әбдіхалықовтың Атырауға күйеубала болғанын хабарлаған едік. 

Талқылау