Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Келіні Мейрамбек Бесбаевтың қандай «қайын ата» екенін айтып берді

Мейрамбек Бесбаевтың келін түсіріп, дүркіретіп той жасағаны елге белгілі. Әнші өзі тәрбиелеп өсірген інісі Мейірбек Бесбаевты үйлендіріп, небәрі 40 жасында «қайын ата» атанған еді. Бесбаевтың келіні Рабиға Аябекова әншінің қандай қайын-ата екенін айтып берді.

мейрамбек мархаббат

«Жалпы өзім де шығармшылық ортаға қарай, журналистика саласына бағытталдым. Ата-анам да психологиялық тұрғыдан өнерге бейімдегендіктен ол кісілер дайын болды. Біз бес жылдай араластық. Әбден бір бірімізге үйренген тұста тойымыз туралы ақылдастық. Жалпы жылы қабылдады. Атақты ғана емес, өте қарапайым ашық жандармен құда болуға олар қуана қуана келісті», – деп атап өтті Рабиға Аябекова 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасына берген сұхбатында.

Келіні Мейрамбек Бесбаевқа күн сайын иіліп сәлем салатынын, қалағанынша шайын құйып беретінін айтып өтті. Өз кезегінде әнші-атасы да жылы лебізін білдіретін көрінеді.

мейрамбек с семьей

«Енем сабырлы жан. Бастапқыда қай заттың қайда орналасқанын айтып, үйдің шаруалары бойынша бағыт сілтеді. Ақыл-кеңестер, білмегенімді сұрап отырамын. Әзірлеген асым қандай болып шықса да жақсы не жаман деп айтпайды. Бетімді қайтармау үшін «келесі жолы жақсы шығар» деген сынды жылы сөздерін айтып отырады. Жалпы қайын ата, қайын енеге келгенде өте жолы болған адамдардың бірімін», – деп атап өтті Рабиға.

Айтпақшы, жуырда ғана шаңырақ көтерген жас жұбайлар болашақта дүниеге келер әр сәбиінің есімін Мейрамбектің өзіне ғана қойдырмақ.

«Қайын атама қойған атым – Ән-аға. Әл әлемінің патшасы Шәмші Қалдаяқов болса, мен үшін қазіргі ән әлемінің биік тұлғаларының бірі осы кісі», – деп түйіндеді сөзін Бесбаевтың келіні.

Жіберіп алмаңыз:

Мейрамбек Беспаев пен Сәкен Майғазиев орыс тілінде ән айтты (видео)

Меруерт Түсіпбаева намысына тіл тигізген желі оқырманын сотқа бермек (фото)

Мөлдір Мұқанова өзін Тұрсынбектің ақшасын шашып жүр дегендерге жауап берді

Асхат Садырбай жантүршігерлік жол апаты туралы айтып оқырмандарын адамгершілікке шақырды

Талқылау