Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Келіндерім жаман емес": Гүлзира Айдарбекова кенже келінін туған күнімен құттықтады

Танымал продюсер, кәсіпкер Гүлзира Айдарбекова кенже келінін туған күнімен ерекше құттықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/gulziraaidarbekova/

Қазан айында өнерлі отбасы кенже ұлдарын екінші рет үйлендіріп еді. 

Бүгін – Индира келініміздің біздің шаңырағымыздағы алғашқы туған күні. Алла бақ берсін! Үлкен әулетке айналып, әрбір қуанышымыздың себепкері болып, Заңғар екеуі арман-мақсаттарына жетуін Алла жазсын! Ең бастысы мен армандағандай, туған қызымдай отбасымызға адал болсын!”, – деп жазды продюсер. 



Сонымен қатар жұлдызды ене жас кезінен армандаған дүниелерінің орындалғанын айтты. 

“Кішкентайымнан туған сіңлім болса деп, есейген соң қызым болса деп армандап едім. Келін түскен сайын бар тілейтінім: адалынан болып, қызымдай болса екен. Келіндерімнің жаманы жоқ. Осыларды тәрбиелеген құда-құдағиларым да керемет кісілер. Кемедегінің жаны бір дегендей арамыздан мысық өтпеуін тілеймін. Кіршіксіз жүрегімізге кір түспесін”, – дейді өнер иесі. 

Еске салайық, продюсер келіндерінен бөлек тұрғысы келетінін жазған едік. 

 

Талқылау