Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тәрбиені сырттан іздемейікші": Жұлдыз Әбдікәрімованың жазбасы көпке ой салды

Танымал актриса, продюсер Жұлдыз Әбдікәрімова шетелдік дүниелерді таңсық көретін халықты сынады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial/

Сонымен қатар әнші өзіне қарап бой түзейтін, еліктейтін қыз-келіншектерге де кеңес айтты. 

“Осы жасқа келгенде мен түйген ой былай: Онсыз да еліктегішпіз. Тәрбиені, құндылықты, ақылды сырттан іздемейікші. Оның барлығын да бізге дейін ұлыларымыз айтып кеткен. Тек соны ерінбей оқып, керегімізге жаратсақ болғаны. Ал білім, ғылым, технологияны әлемнің озық елдерінен үйрену – енді басқа әңгіме!”, – дейді актриса. 

 


Сондай-ақ, өнер иесі өзіне еліктейтін қыз келіншектің де көп екенін айтып, жеке дара адам болуды насихаттады. 

“Адам баласы үшін ең қиыны – өзімен күрес. Өзгеруіңізге мен себепші болғаныммен, еңбек – өзіңіздікі. Өзіңді жеңу оңай емес. Демек, сіз кедергілерді сылтауратпайсыз. Мақсат қоя білесіз. Оған апаратын тек өзіңіздің қалауыңыз. Бұл – мықтылық. Жеке адам болып, өзіңіздің көзқарасыңызды қалыптастырыңыз”, – деп кеңес берді актриса. 

Желі қолданушылары отандық кино жұлдызының айтқанын толықтырып жатыр. “Сізге де айтарым шетелге еліктеп қысқа киіп елдің көзіне түспеңізші, қысқа қазір модада емес. Рас, іштарлық емес. Иә, фигураңызға сөз жоқ, әдемісіз, бойыңыз ұзын оны сыртқа ашып-шашып көрсетудің қажеті жоқ сияқты. Бұл жай ғана пікір, негатив емес, көреалмаушылық емес”, Жоқ, дұрыс емес ұғым. Өзің айтқандай, жетіп жатса туғаныңа бер одан кейін, басқасына асып жатса берерсің деген ұғым бар. Басқа адам қанша жерден бірлік жасаса да, ағайындай болмайды” дейді оның кезекті оқырманы. 

 

Талқылау