Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның оңтүстігінде ауыл тұрғыны қалыңдығымен жыныстық қатынасқа түскен видеосын таныстарына таратқан

Оңтүстік Қазақстан аймағында тұрғын қалыңдығымен жыныстық қатынасқа түсіп, кейін оның видеосын таныстарына таратқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Сaravan.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Pixabay.com

Деректерге сай, 2022 жылдың желтоқсан айында ер адам сүйіктісімен келіспей жанжалдасып қалған. Кейін одан кек алу үшін, оны қонақүйге шақырып, жыныстық қатынасқа түскен. Ал бөлмеде болған көріністі бейнежазбаға түсіріп алған. Кейін бұл видеоны таныстарының арасында тарата бастаған.  

Бұл оқиғаны естіген әйел шок алды. Екінші күні ол дарға асылу арқылы өзіне қол жұмсамақ болған.

“Осы факті бойынша аудандық полиция бөлімі ер адамға қатысты ҚР қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі және 147-бабы 5-бөлігі (телекоммуникация желілерін пайдалана отырып, өзіне қол жұмсауға жеткізу, жеке өмірге қол сұғушылық) бойынша қылмыстық іс қозғады”, – делінген хабарламада.



Зардап шеккен әйел дер кезінде құтқарылды. Сотта ер адам одан кешірім сұрады. Әйелдің өтінішімен сот өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу фактісі бойынша қылмыстық істі тоқтатты. Жеке өмірін бұзу бабы бойынша сотталушы 3,5 жыл шартты түрдегі жазаға тартылды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Талқылау