Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Kcell" су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарды қолдау шараларын жалғастыруда

Қазақстанның ірі мобильді операторы су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға қолдау көрсетуді жалғастыруда. Бүгін "Kcell" Солтүстік Қазақстан облысы мен Петропавл тұрғындарына тегін байланыс пен интернет ұсынды. СҚО және Петропавл қаласы бойынша жүзеге асырылған акциямен өңірдегі оператордың 60 мыңнан астам абоненті қамтылды. Бұдан басқа, Қазақстанның алты өңірінің абоненттері Kcell-ден осындай қолдауға ие болғанын еске саламыз.

Фото ТЖМ

Солтүстік Қазақстан облысының орталығы, өңір қалалары мен ауылдарының тұрғындары үшін Kcell 10 гигабайт интернет-трафик, кез келген операторлардың желілеріне 50 минут қоңырау шалу, сондай-ақ 50 тегін SMS ұсынды. Бүгін Петропавл, Қызылжар, Есіл, Тайынша, Тимирязев және Шал ақын аудандарының тұрғындары тиісті хабарлама алды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін тасқын судан зардап шеккен республиканың өзге де алты өңіріндегі абоненттеріне компания осындай көмек көрсеткен болатын. Атап айтқанда, бұл Ақмола облысындағы Көкшетау, Абай ауданы, бүкіл Батыс Қазақстан өңірі, Ақтөбе облысының Әйтеке би, Қобда, Ойыл, Мұғалжар және Темір аудандары және Ақтөбе қаласының өзі, сондай-ақ Қостанай облысының Арқалық, Амангелді және Жангелді аудандары және Атырау өңіріндегі Құлсары қаласының тұрғындары мобильді оператордың қолдауына ие болған еді.

"Сын сағатта сырт қалмауға тырысамыз, бұл біздің қолымыздан келетін аз ғана көмек, "Kcell" командасы, бүгінгі таңда барлық қазақстандықтар сияқты, төтенше жағдай орын алған аймақтарда су тасқыны мен оның салдарымен күресіп жатқан барша отандастар үшін қатты алаңдайды. Біз өз тарапымыздан адамдарға мүмкіндігінше тезірек қалыпты жағдайға оралуға көмектесу үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасауға дайынбыз. Дәл осындай қысылтаяң сәтте жұдырық боп жұмылуға, бірлікте әрекет етуге тиіспіз, қиындықтарды бірлесе отырып еңсере алатынымыз айқын", - дейді "Kcell" компаниясы.

Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары бонустық минуттар мен гигабайттардың түсуін *111*3# теру арқылы тексере алады. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін су тасқыны салдарынан Батыс Қазақстан және Абай облыстарының бірқатар елді мекендерінде ТЖ режимі жарияланды, ал Қостанай және Ақтөбе өңірлерінде табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.

Қазіргі уақытта Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында 5700-ден астам жеке тұрғын үй, 1600-ден астам аула аумағы және 2000-ға жуық саяжай үйлері су астында қалды. Қарғын судың қайтуымен 13,5 мың адам үйлеріне оралды, эвакуация пункттерінде әлі 7000-нан астам адам бар.

Талқылау