Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қазір өзімнің де өмір сүргім келмейді": Алматыда үш баласымен бірге терезеден секіріп өлген әйелдің күйеуі отбасында не болғанын айтты

Алматыда терезеден үш баласымен бірге секіріп кеткен әйелдің күйеуі Нұрсұлтан Оразов отбасы туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Informburo.kz порталына сілтеме жасап. 

"Біз бақытты өмір сүрдік. Бірақ жұмыссыз болатынбыз. Әйелім үйде балалармен отыратын. Өзім базарда қолыма түскен жұмысты істедім. Қазір еш жерде жұмыс істемеймін. Оқиға орын алған кезде үйде болмадым. Әйелім ештеңе айтқан жоқ. 6 жылдан бері Алматыда тұрамыз. Отбасымызда бәрі жақсы болатын", – деді Оразов. 

Нұрсұлтан Оразов әйелі мен балаларын ертең, 24 қараша күні Шымкентте жерлейтінін айтты.

"Біз пәтер жалдап тұратынбыз. Жалақым аз болды. Ата-анам да жұмыссыз, үйде, Шымкентте тұрады. Менде білім жоқ. Бізге ешқандай әлеуметтік көмек берілмеді. Қатаң карантин болған кезде де біз сұрадық, бірақ берілмеді. ХҚКО-ға, әкімдікке, барлық жерге әйелім барды. Әйелім барлық жердің көмек беруден бас тартқанын айтты. Үш баламыз болды:  Кішкентай балам екі жаста, үлкен қызым алты жаста және ортаншы қызым бес жаста еді. Қазір өзімнің де өмір сүргім келмейді", – деп мойындады ол.


"Терезеден секіріп кеткен әйел әлеуметтік көмек сұрамады": Алматы әкімдігі


Сондай-ақ КТК арнасының тілшісі тоғызыншы қабаттан секіріп мерт болған Бақтыгүлдің туған әпкесі Жанар Қыдырбаевамен тілдескенін айтты. 

"Сіңілім мектепті алтын белгімен бітірген. Сосын Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-ді бітірген. Жұмысқа енді орналасамын деп отырған. Не болғанын білмеймін. Күйеуі үйде болмадым деп отыр. 2014 жылдан бері осы Алматыда тұрады. Жақында ғана туған сіңілісінің тойына барды. Ойнап-күліп барып келді. Бала-шағасын ешқайда тастамайтын. Тек өзімен ғана алып жүретін. Күйеуі туралы мүлдем айтпайтын. Жақсы ақша табады, барлығы жетеді деп қысқа қайыратын. Қателеспесем, күйеуі саудамен айналысқан. Ол Алматыға келмей тұрып намазға жығылған. Сосын тастап кетті ме, нақты білмеймін”, – деді марқұмның әпкесі. 

Айта кетейік, бұған дейін Алматы шағын аудандарының бірінде әйелдің үш баласымен 9 қабаттан секіріп кеткені туралы хабарлаған едік. 

 

 

Талқылау