Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қажылыққа аттанған Қайрат Нұртас Меккеде көз жасына ерік берді

Қайрат Нұртас қасиетті Меккеде қажылығын өтеп жүр. Әнші құлшылық сәтінде көз жасына ерік берді. Бұл сәт желіде тез тарады. 

Қайрат Нұртас мұсылманның бесінші парызын орындауға қасиетті өлкеге аттанды. Әнші күні кеше осы елде 150 адамға ауызашар берді. Дәл қазір бірнеше өнер өкілі Меккеде қажылығын өтеп жүр. 

Әншіге тілектестік білдіріп, дұға еткендер көп. Енді бірі құлшылық сәті мақтан үшін желіде жария етіп жүр деп сөккендер де бар. 

“Қазақстаным бай-дәулетті, халқым аман болсын! Молшылық, арзаншылық болсын! Ауырып жатқандар сауығып кеттсін! Әр қазақта зәулім баспана болсын! Бар қазақ тек қазақша сөйлейтін болсын! Әмин!”, “Бұрынғы ер-азаматтар көз жасын көрсетуге ұялатын, намыстанатын еді. Қазіргілер көз жасты хайпқа айналдырды-ау”, “Маған да бұйыртса екен қажылыққа бару”, “Жылағанын да жария етіп не болды сонша, құлшылық етсең өзің үшін”, “Алла бізгеде нәсіп етсін ИншАлла жұбайыммен баруды. Қайрат дұға-тілектеріңіз қабыл етсін”, “Әмин! Қайратжан өзіңнің де дұға тілегің қабыл болсын! Бізге де Меккеге баруды Алла тағалам нәсіп етсін! Бала-шағамыз аман болсын! Әмин!”, “Әумин анам ауырып жатыр. Алла тағалам дертіне шипасын берсін”, “Өзі емес, басқа біреу түсіріп тұр”, “Бұл жерде жыламау мүмкін емес”, “Қаралауға дайын тұрады”, деп жазды желідегілер.

Әнші Қадір түнінде ниет етіп, тілегін жеткізді. 

“Дұғаларыңыз қабыл болсын! Қадір түні. Мекке”, – деп жазды ол парақшасында. 


Қайрат Нұртас Меккеде 150 адамға ауызашар берді

Талқылау