AAPL
140.36 $
-1.92 %
TSLA
628.16 $
-6.93 %
NDAQ
146.63 $
-0.73 %
GOOGL
2119.4 $
-4.95 %
FRHC
39.75 $
-2.5 %
AAPL
140.36 $
-1.92 %
TSLA
628.16 $
-6.93 %
NDAQ
146.63 $
-0.73 %
GOOGL
2119.4 $
-4.95 %
FRHC
39.75 $
-2.5 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртас Меккеде 150 адамға ауызашар берді

Қайрат Нұртас Меккеде 150 адамға ауызашар берді. Әнші мұсылман алдындағы бесінші парызын орындау кезінде ауызашар жасап, сауап жинады. 

Қайрат Нұртастың Меккедегі қайырымды ісі желіде белгілі болды. Әнші ораза ұстаған жандарға ауызашар беріп, көптің батасын алды. Желі оқырмандары жақсы тілегін үйіп-төкті. Ал ауызашарға жиналған ағайын батасын беріп жатыр. 

Айта кетейік, қонақтар арасынан Төреғали Төреәлінің ата-анасы бой көрсетті. Ал әншінің өзі Төреәлімен, Құрманәлі Бақтиярқызы, Жанқош Тұраров, имам Қабылбек Әліпбайұлымен, Ердос Қанаевпен бірге түскен суретін парақшасында жариялады. 

“KN&TT. Алла ұлық”, – деп жазды Қайрат.

“Жандарым сол, Алла ниеттеріңді, бүкіл дұға-тілектеріңді қабыл етсін!”, – деді анасы Айдарбекова. 

“Қабыл болсын, жігіттер!”, – деді Бағлан Әбдірайымов.

“Ниет қабыл болсын!”, – деді Берік Айтжанов.

“Ниетің қабыл болсын!”, “Қабыл болсын! Алланың нұры жаусын саған!”, “Ниеттеріңіз қабыл болсын! Аллахым бізге де Меккеге баруды нәсіп етсін”, “Бергеніңнің есесін Алла берсін”, – деді желі қолданушылары. 


Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр