Алматыда әйел полиция көлігіне тас лақтырып, қашып кетпек болған (видео)

Алматыда әйел полиция көлігіне тас лақтырып, оқиға орнынан қашып кетпек болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әлеуметтік желілерде ересек әйелдің полицияның тұрақта тұрған қызметтік көлігіне тас лақтырып жатқан сәті түсірілген видео тарады. Полиция қызметкерлерін көрген әйел қашуға әрекеттенгенімен, полицейлер оны ұстап үлгерген.
Алматы полиция департаменті құқық бұзушы әйелдің ұсталғанын растады.
"Әйелдің жеке басы анықталды. Ол ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды", – делінген полиция хабарламасында.
Полиция әйел өз әрекетін ешқандай себепсіз жасағынын атап өтті. Әйелдің психоэмоционалдық жағдайын бағалау үшін жедел жәрдем бригадасы шақырылған.
Еске салсақ, бұған дейін Қостанайда бес күдіктіні сотқа апара жатқан полиция көлігі жол апатына ұшырағаны туралы жазған едік.
Оқыңыз