Қазгидромет Қазақстанның 11 қаласында ауаның ластануы күтілетінін айтты
Синоптиктер Қазақстанның 11 қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайды болжап отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазгидрометтің мәліметінше, 25 – 26 наурызда түнде метеорологиялық жағдайлар атмосферада заттардың жиналуына ықпал етіп, Ақтөбе, Астана, Қарағанды, Жезқазған, Теміртау қалаларында ауаның ластану деңгейінің жоғарылауы күтіледі.
Ал Алматы, Шымкент, Атырауда 25 – 26 наурызда түнде метеорологиялық жағдайлар атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал еткенімен, қалаларда атмосфералық ауаның ластану деңгейінің төмендеуі күтілуде.
Өскемен, Семей, Риддер: 25 наурызда метеорологиялық жағдайлар атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді, қалаларда ауаның жоғары ластануы күтілуде.
Мамандар метерологиялық жағдайдың 2 деңгейге жететінін ескертеді.
Қазақстандық әженің үйін жөндеуге келген еріктілер шатырдан 8 пакет ақша тауып алған: Кейуана оны қайыр тілеп жинаған
Ерікті: "Ақшаның тең жартысы тиын"
“Мәселе мәдениетте емес”: Мамандар Қайрат Нұртастың концертіндегі халық әрекетіне баға берді
Мамандар мұндай жағдайлардың тек Қазақстанда емес, өзге елдерде де кездесетінін атап өтті