Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақтың халық әнін шырқаған америкалық ару дүйім жұртты сүйсіндірді (видео)

Америкалық Эбби Гилберт есімді бойжеткен әйгілі “Дудар-ай” әнін шырқап, қазақ жұртын тамсандырды. Эбби қазақтың халық әніне теңестірілген туындыны отандық продюсер Тимур Балымбетовпен бірге шырқаған, деп хабарлайды Stan.kz.

“Эбби екеуіміз бірлесіп тағы бір қазақтың әнін жаздық. Бұл жолы жаспен ұлтқа қарамайтын керемет маxаббат әнін таңдадық”, – деп бөлісті Балымбетов инста-парақшасында.

Желі оқырмандары қазақша әнді қазақ тілінде шырқаған Эббиге тәнті болуда.

“Тамаша Эбби, денеңді тітіркендіріп жібереді. Өзі акцентсіз орындап жатыр. Оған қазақ тілін кім үйреткен?”, “Керемет дуэт”, “Осы Эббиді көрсем, ертегідегі ханшайымды көргендей боламын”, – деп тамсанды тыңдармандар.

Айта кетейік, бұған дейін Эбби Гилберт Еркенің “Қайда?” әнін акцентсіз орындап, елді таңғалдырған еді.

Жіберіп алмаңыз:

Мейрамбек Бесбаев “Жекпе-жек” жобасын әділетсіз деп сынаған жұртқа жауап берді

Салтанат Бақаева өзін тонап кеткен үй қызметкерімен соттасқан

45 жасында тұрмысқа шыққан Гаухар Әлімбекова жарымен қалай танысқанын айтып берді

Асхат Тарғын: Тұңғышым-Айым бауырын жақсы көріп, оған қамқорлық көрсетеді деп сенемін

Талқылау