Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақтың етін “Бесбармақ” демей “Атадәм” деп атау ұсынылды

Күннің суық кезінде жұрттың қуатты тағамдарға ден қоятыны белгілі. Біз, қазақтар бұл кезде етті көбірек жейміз. Ал оны бір жерлерде «ет ауқат» деп, енді бір жерде «қамыр тамақ» деп те жатады.

Көбірек қолданылатын атауы – бесбармақ. (Бізде тіпті «Бесбармақ – шоу» деген де телебағдарлама бар). Дегенмен бұл атаудың дұрыс емес екені белгілі, ол жөнінде айтылып та, жазылып та жүр, деп жазады Замана.

Ал халқымыздың бұл ұлттық тағамын «Атадәм» деп атасақ қалай болар еді? Сөздік қорымызда «атажұрт», «атамекен», «Ата заң», «ата салт», «ата мұра», «ата-баба», «Қамбар ата», «Шопан ата», «Сексек ата» деген сияқты құлаққа жағымды атаулар жиі кездеседі емес пе? Сол сияқты, атадан келе жатқан ұлттық тағамымызға «Атадәм» деген ат қойсақ, біздіңше, жарасып-ақ кетер еді. «Алдымызға атадәм тартылды», «атадәмнен алып отырыңыз» деген сөздердің өзі-ақ құлаққа жағымды естілер еді. Өйткені оның бізге атамыздан қалған, ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқан дәм екені рас қой.

Таяуда қолымызға 2012 жылы Алматыдағы «Слон» баспасынан шыққан «Қазақтың этнографиялық категориялары, ұғымдары мен атауларының дәстүрлі жүйесі» деп аталатын энциклопедиялық еңбектің 2-томы түскен еді. Соны оқып отырып, ұлттық тағамымызға қатысты бүгінде архаизмге айналып кеткен көптеген деректерді ұшырастырдық. Мысалы, онда етке қосылып пісірілетін қамырды оңтүстікте «қамыр», «күлшетай» десе, Көкшетау жақта «құлақ нан» деп, батыста – «ет наны», солтүстікте – «жұқа нан», Батыс Қазақстан облысы өңірінде – «іңкәп», еліміздің шығыс өңірінде, Қытайдағы, Монғолиядағы қазақтар арасында – «шелпек», Қарақалпақстан мен Түркіменстан қазақтарында «күртік» деп атайтыны туралы айтылыпты. Сондай-ақ «бесбармақ» деген сөздің тілдік қорымызға орыс отаршыларының кемсітіп атауымен енгені жөнінде сөз болады. Яғни оны орыс шенеуніктері ойлап шығарған екен.

Ендеше біздің неге ата дәмімізді әлі күнге дейін осы атаудан арылтқымыз келмей жүр? Оның несін қимаймыз?

Ұлттық тағамымызды «Атадәм» деп атайық, ағайын! Біздің бұл ұсыныс-бастамамызды қолдайтындар қазақ арасынан көптеп табылады деген сенімдеміз.

Тағы да оқыңыз:

Шетелдіктер Лондондағы Қазақстан елшілігінің алдында «Борат» киімімен қазақты мазақ етті

Қарағанды облысының тұрғыны анасы мен әжесін өлтіріп, денесін өртеп жіберді

Қостанай облысында әкесі 3 жасар қызын құтқарып өзі көз жұмды

Елбасын өзіне тартты: Назарбаев пен Трамптың қол алысқаны желі қолданушыларын 

Çàãðóçêà...
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Әулетіміздің әйелдері Жерді кері айналдырып жібереді": Туыстары құтқару жұмыстарын жалғастыруды талап етті

Альпинистердің тағы бір туысы олардың апталап ас-сусыз жүре алатынын айтты

40 мың доллар қажет: Алматы облысында әйел ұлына көмектесуді сұрады

Дәл қазір жеткіншек Беларусь елінде емделіп жатыр

Ресейде полицейлер 22 жастағы қызды көлікте зорлап тастады: Жәбірленуші Қазақстан азаматы

Оқиға 18 тамыз күні түнде болған

Белсенді Ғалы Бақтыбаевтың өлімі: күдікті ретінде полицей ұсталды

Ұсталғандар кісі өлімі жеке келіспеушілік салдарынан болғанын мойындап, түсініктеме берді

Семейде қоғамдық екі әжетхана құны 18 млн теңгеге бағаланды

Оларды қолдану ақылы болады, алайда бағасы әзірге белгісіз

"Не жүре алмай, не сөйлей алмай қалдық": Қарағандыда 13 адам донер жеп уланды

Зиян шеккендердің арасында 10 жасар бала да бар

Атырау театрында өрттің неден шыққаны белгілі болды

Қазір театр аумағы қоршауға алынған

Үш мың грант ақылы оқуға түскендер арасында үлестіріледі — БҒМ

Грант иегерлері тізімі бір аптадан кейін жарияланатын болады

Зорлаған адамнан жүкті болған: Баласы түсіп қалғаны үшін 40 жылға соттала жаздаған бойжеткен ақталып шықты

Сальвадор елінде қандай жағдай болсын, түсік жасатуға тыйым салынады

Батыс Қазақстанда ауылдастар бір-бірінің үйіне кіріп тамақ ұрлаған

Күдікті ретінде үш жасөспірім ұсталды