"Қазақтың Джим Керриі": Тойда әншіге пародия жасаған бала жұрттың ішек-сілесін қатырды (видео)
Желіде тойда ән айтқан әншіге пародия жасаған баланың видеосы тарап кетті. Желі қолданушылары оған тәнті болды, деп жазады Stan.kz.

Видео кадрларында тойда әншінің «Бұлбұл» әнін шырқағаны көрінеді. Дастархан басында отырған бала оған ілесе пародия жасауда.
Өз кезегінде желі қолданушылары баланың мимикасы мен өнеріне тәнті болып, оны «Қазақтың Джим Керриі» деп атады.
«Қазақтың болашақ Джим Керриі. Талабыңа нұр жаусын!», «Ол әр мимикасымен нотаны сезіп тұр», «Видеоны бірнеше рет көрдім. Көңілімді көтеріп тастады», «Мына әнді үнемі тыңдап жүрген бала сияқты ғой», «Қылығы өзіне сондай жарасады», - деп жазды пікір қалдырушылар.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған