«Қазақтелекомның» TV+ телевизиялық платформасында «Асау» атты жаңа криминалдық телехикаяның премьерасы өтті
Киносүйер қауымға "Қазақтелеком" жаңа сыйлық ұсынды. TV+ телевизиялық платформасында телеком-оператор Salem Social media компаниясымен бірлескен тағы бір өнім – "Асау" криминалдық-спорттық сериалын жариялады, YouTube бейнехостингінде туынды трейлері оң пікірлер жинап үлгерді.
Сериал – актер, рэп-әнші және каскадер Назар Шарханның режиссерлік дебюті, ол бұрын режиссер Асқар Ұзабаевтың "Боксшы жолы" фильмінде басты рөлді ойнап, өзін танытқан болатын. Жетекші және кәсіби режиссерлерден тәлім-тәжірибе алып, білімін тереңдеткен Назар өзі кино түсіруге шешім қабылдады.
Айта кетейік, "Асау" телхикаясы атасының қарызын өтеу үшін қалаға аттанып, астыртын төбелес додасына қатысқан ауыл жігіті туралы қызықты оқиғаны баяндайды. Режиссер үшін фильм тек шығармашылық сынақ қана емес, көрерменге өз фәлсәфәсын, ұстанымы мен қоғамдағы әлеуметтік мәселелерге деген көзқарасын жеткізу мүмкіндігіне айналды. Назардың өзі осындай жанрдағы актер болса да, "Асау" фильміндегі басты кейіпкер ретінде ол "Жау жүрек мың бала" фильмінде Таймас рөлінде көрермендерді тәнті еткен талантты жас актер Аян Өтепбергенді шақырды. Кейін ол "Рэкетир 2", "Қазақ хандығы: Алмас қылыш", "Қазақ хандығы: Алтын тақ", "Айналар", "Томирис" фильмдерінде ойнаған. Ал "Асау" телехикаясындағы рөлі үшін Аян бұлшықет массасын жинап, қатты дайындалып, каскадерлік трюктерді өзі жасаған.
"Менің кейіпкерім Азат – бостандыққа ұмтылған тәуелсіз жігіт, оның осы асау мінезіне сай сериалға отау берілген. Мен барлық трюктерді өз бетімше орындауға тырыстым, әрине, қиындықтар болды, дегенмен түсірілім басталмас бұрын Nomad Stunts және Kazakhunion каскадерлерімен бірге бір жарым ай бойы мұқият дайындалдым. Сонымен қатар, бокс және күреспен айналыстым. Режиссер бұлшықет жинауымды сұраған соң, қысқа мерзімде 6 келіден астам салмақ жинадым", - дейді "Асау" телехикаясының актері Аян Өтепберген.
"Асау" сериалы 9 сериядан тұрады, әрі апта сайын екі эпизодтан жарияланып отырса, соңғы серия 24 мамырда шығуы тиіс. Толық ақпарат пен хабарландыруларды қызметтің Instagram-дағы @telecom.tvplus ресми парақшасынан бақылауға болады.
Айта кетейік, сериалдың трейлері YouTube видеохостингінде 10 күн ішінде 145 мың қаралым жинаған. Фильм авторлары ел аузында болған алдыңғы туындылар "Қара аула", "Қарға" және "1286" сериалдары секілді танымал болатынына сенімді. Бұл телехикаяларды TV+ платформасында жарты миллионға жуық қазақстандық тамашалаған болатын. Сондай-ақ, платформада әйелдер аудиториясының сұранысына ие "Шеше", "Ізгі ниетпен, алаяқ", "Қашан туастың?" сериалдары ұсынылған. Тағы бір қосып айтатын жәйт, "Қашан туасың?" телехикасын көрсету наурыз айының ортасында басталған, бүгінде оның 5 сериясы шықты.
"TV + телевизиялық платформамыз іске қосылған 2021 жылдың наурызынан бері біз эксклюзивті шоу, фильм мен сериалдар арқылы контент қорын кеңейтіп, белсенді түрде дамытып, барынша инвестиция құйып жатырмыз. Бұл стратегияның бір бағыты Salem Social Media-мен белсенді және жемісті ынтымақтастық болды, оның аясында платформа пайдаланушылары арасында үлкен танымалдылыққа ие болған бірқатар сериалдар TV+ платформасына эксклюзивті түрде шықты. Биыл көрермендерімізге әр айға арналған премьералар дайындадық және Salem Social Media жобаларының жанкүйерлері мен TV+ жазылушыларының саны өсіп келе жатқанын көріп отырмыз. Өткен жылмен салыстырсақ, біздің платформамыздағы бірегей пайдаланушылар саны 1 миллионға артты", - деп атап өтті "Қазақтелеком" АҚ Басқарма Төрағасы Қуанышбек Есекеев.
"Қазақтелеком" басшылығы TV+ платформасының жетістігіне сенімді. Алдын ала болжамдарға сәйкес, телекоммуникация операторы мен Salem Social Media жаңа бірлесіп әзірлеген телехикаялары 2024 жылғы ең сәтті картиналар рейтингінде жоғары орынға ие болмақ.