Қазақстанның жаңа энергетика вице-министрі тағайындалды
ҚР Үкіметінің қаулысымен Жандос Демесінұлы Нұрмағанбетов ҚР энергетика вице-министрі лауазымына тағайындалады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін энергетика вице-министрі қызметін Қайрат Рахымов атқарған.
Жандос Нұрмағанбетов 1981 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Халықаралық бизнес университетін, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін, "КИМЭП” университетін бітірген. Еңбек жолын 2003 жылы жеке құрылымдарда бастаған.
2005-2010 жылдары — "Қызылорда ТЭК" АҚ бас директоры. 2011-2013 жылдары – "Қызылорда" ӘКК" ҰК" АҚ басқарма төрағасы.
2013 жылдан бастап 2019 жылға дейін жеке компанияда жұмыс істеді.
2020 жылдан бастап қазірге дейін "KEGOC" АҚ Стратегия және даму жөніндегі басқарушы директоры қызметін атқарды.
Ұстазының жетекшілігімен цирк әлеміне келген қазақстандық егіз Cirque du Soleil-де өнер көрсетеді
Алексей: "Cirque du Soleil-ге өтінім жіберіп, жауабын 4 жыл күттік"
"Түрлі тағам пісіремін, өкшелі аяқкиім киіп, саяхаттаймын": Желіде боянғанын көрсеткен 90 жастағы қазақстандық әже жұртты сүйсіндірді
Күнсара әже: "10-15 күн сайын моншаға барып, көп кітап оқып, әдемі жүргенді ұнатамын”