Қазақстан ұшу қауіпсіздігі бойынша елдердің "қара тізіміне" енуіне шақ қалған
Қазақстан ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ететін елдердің қара тізіміне енуге сәл қалған. Air Astana әуекомпаниясының президенті Питер Фостер авиация саласындағы олқылықтар мен елдің қайта қара тізімге ену мүмкіндігі туралы айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
“Жақында Қазақстан 2016 немесе 2017 жылы "қара тізімнен" толығымен шығарылды, ал тура бір жыл бұрын біз Брюссельде Еуропалық Комиссияның Әуе қауіпсіздігі комитеті комиссиясының отырысында болдық, онда “қара тізімге” қайта енгізу ықтималдығы жайлы айтылды. Яғни бұл өте нәзік мәселе”, – деді Air Astana әуекомпаниясының президенті "Самұрық-Қазына" қорының авиатасымалдаушы қызметін талқылаған қоғамдық кеңес отырысында.
- Қазақстандық азамат әлемдегі ең алып ұшақтың ұшқышы атанған
- Қазақстан ұшақ апаттарының кесірінен адам шығыны көп болған 25 елдің қатарында
Авиация сарапшысы Әбіл Кекілбаев бұл мәлімдемеге түсініктеме бере отырып, шенеуніктің Қазақстанның авиация саласындағы қауіпсіздік жағдайы туралы соңғы жылдары алғаш рет осылай ашық айтып отырғанын атап өткен.
“Ресми тұлғаның әсіресе шетелдік маманның "қара тізімге" түсу мүмкіндігіміз бар екенін алғаш рет ресми түрде айтуы алғаш рет болып тұр, бұған дейін мұны барлығы жоққа шығаратын. Бұл өте қызықты мәлімет. Менің ойымша, бұл біздің азаматтық авиация комитетінің әрқашан ресми түрде айтатын сөздеріне қайшы келеді – олар ылғи жоғары көрсеткіштер жайлы ғана сөз етеді”, – дейді Кекілбаев.