Қазақстанның ҰҚШҰ жанындағы Тұрақты өкілі ауысты
Марат Сыздықов Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі болып тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Марат Зеникенұлы Сыздықов Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды”, – делінген президент жарлығында.
Бұған дейін бұл қызметті Жәнібек Иманалиев атқарып келді. Ол ҚР президентінің жарлығымен қызметінен босатылды.
"68 мың теңге келді": Қазақстандықтар коммуналдық қызмет бағасының күрт өсуіне шағымданды
Тұрғындар төлемнің ай сайын өсіп отырғанына күдікпен қарап отыр
Жолақы төлемейтін жолаушылардың кесірінен автобустар лық толып жатыр: Әкімдіктер кептелістің себебін түсіндірді
Бұл мәселе желіде қызу талқыланып жатыр