Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның кей аймақтарында газ қымбаттап кеткен

Қазақстанда газ қымбат бағаға сатылып жатыр. Кей аймақтарда оның бағасы 30 теңгеге дейін өскен, деп хабарлайды Stan.kz "31" арнаның “Информбюро” жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап. 

газ

Петропавлда газ құю бекеттерінде сұйытылған газдың бір литрі 110 теңгеге дейін қымбаттаған және талон арқылы ғана беріліп жатыр. Қаладағы кей бекеттер газ тапшылығын пайдаланып, бағаны бірден 30 теңгеге өсірген. 

"Дизель отыны жоқ, жанармай жоқ. Газ бағасын өсіру үшін сатылымнан мүлде алып тастаған", – дейді көлік жүргізуші Марат Дүйсенов. 

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының дерегіне сәйкес, аймақта қазіргі уақытта 500 тонна газ қалған. Бұл 4-5 күнге ғана жетуі мүмкін. 

Ақтөбеде газ бағасы екі-үш күн бұрын 63-65 теңге болса, қазір шамамен 75 теңгеге сатылып жатыр. Қаладағы газ құю бекеттерінің барлығында газ тек талонмен ғана беріледі. 

Әкімдік бағаның көтерілуін қыркүйекте кешіктіріп жеткізілуімен байланыстырады. Қазанда жоспарланған 11 мың тонна газ облысқа әлі әкелінбеген. 

Маңғыстау обылысының әкімдігі бағаны көтерген кәсіпкерлерге қатысты шара қабылдауды талап етіп отыр. Энергетика министрлігінде Ақтөбе облысында газ тапшылығының жоқ екенін айтты. Сонымен қатар "Ақтөбемұнайгаз" зауытындағы жөндеу жұмыстарына байланысты өндіріс екі есеге қысқарған. Ал Петропавл облысында бағаның 20%-ға көтерілгенін министрлік растады. Ведомствоның дерегіне сәйкес, газ бағасы сұраныс пен ұсыныс негізінде құрылып отыр. Соңғы екі тоқсанда бір тонна газ бағасы 38 701 теңгеге тең болған.  

Еске салайық, бұған дейін елден дизель отынының шығарылуына қатысты министрлік түсініктеме берген еді.

Талқылау