Қазақстанның қай аймақтарында коронавирус бойынша жағдай өршіп тұрғаны белгілі болды
Қазақстанда коронавирустың таралуы бойынша эпидемиологиялық жағдай белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
13 сәуірде Қазақстан аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары кірді.
"Сары" аймақта: Шымкент, Жамбыл, Қызылорда, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстары.
"Жасыл" аймақта: Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстары.
Өткен тәулікте Қазақстанда 2016 адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Жалпы республика бойынша 273 825 жағдай расталды.
Талқылау

"Киіктерді өз өмірінің құнымен қорғаған батыр": Қорықшы Ерлан Нұрғалиевтің қаруланған броконьерлерді қуамын деп қалай қаза тапты
Қайғылы оқиға 6 жыл бұрын “Охотзоопром” кәсіпорнында болған еді

"Кейбірі сәбиінен, кейбірі анасынан айырылып жатады": Қазақстандықтар перзентхана алдында дүбірлі той жасайтындарды сынады
Акушер: "Көп адамның жиналуы жаңа туған сәби мен анаға түрлі инфекция, вирус таратады"