Қазақстанның ең үздік теннисшісі Париж олимпиадасының лицензиясын иеленді
Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының ең үздік спортшысы Кирилл Герасименко Париж олимпиадасының жолдамасына ие болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Кирилл Герасименко Қазақстан құрамасының қоржынына кезекті олимпиада ойындарының жолдамасын салды. Ол іріктеу кезеңдерінде жинаған ұпайы бойынша олимпиадаға жолдама иеленді. Халықаралық үстел теннисі федерациясының жаңартылған рейтингінде Кирилл құрлықта жолдама алмаған спортшылар арасында бірінші орында тұр.
Айта кетейік, Герасименко өз мансабында үшінші рет олимпиада ойындарына қатысқалы жатыр. Ол бұған дейін Рио мен Токио олимпиадасының қатысушысы болған.
Алматыда оқу ақысы 5 миллион теңге болатын элиталық мектепте оқушыларға шикі тамақ берілген
Асхана тамағынан кейін балаларға асқазан-ішек жолдарының функциялық бұзылуы сияқты диагноздар қойылған
Қазақстанда көпбалалы әйелдерге 8 наурызға орай 43 мың теңгеге дейін біржолғы төлем беріледі
Ал қалған 8 аймақта көпбалалы аналарға ақшалай төлем берілмейді екен

