Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның бұрынғы қорғаныс министрі ШЫҰ-ның бас хатшысы болып тағайындалды

Нұрлан Ермекбаев 2025 жылғы 1 қаңтардан 2027 жылдың 31 желтоқсанына дейін Шанхай Ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы қызметін атқарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: facebook.com/Нұрлан Ермекбаев

Мұндай шешім Астанада өткен ШЫҰ саммитінде қабылданды. Ұйымның бұрынғы бас хатшысы Чжан Мин Қазақстанға жемісті жұмысы үшін алғыс айтып, Қытайды төрағалық етумен құттықтады.

Нұрлан Ермекбаев 2025-2027 жылдар аралығында ұйымға басшылық етеді.

Чжан Мин 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап Шанхай Ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы қызметін атқарды. 

Нұрлан Ермекбаев 1963 жылы Шымкентте дүниеге келген. Қазақ, орыс, ағылшын және қытай тілдерінде еркін сөйлейді. Мәскеудегі КСРО Қорғаныс министрлігінің Қызыл Ту әскери институтында да оқыған. КСРО-ның Ангола Халық Республикасындағы әскери миссиясының құрамында болды.

Бір жылдары Қытайдағы елшіліктің кеңесшісі, сыртқы істер министрлігі басшысының орынбасары және президенттің халықаралық істер жөніндегі көмекшісі қызметін атқарды. Сондай-ақ ол президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы, Қазақстанның қорғаныс министрі болды.

Талқылау