Қазақстанның бұрынғы Әділет министрі қамауға алынды
Антикоррупциялық қызмет бұрынғы Әділет министрін қамауға алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Антикоррупциялық қызмет Мемлекет басшысының заңсыз шығарылған активтерді іздеу және қайтару жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде Әділет экс-министрін лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдік бойынша ұстады.
"Ол талап етілмейтін қызметтерді көрсетуге жыл сайынғы келісімшарттар жасау арқылы үлестес компанияның мүдделерін қолдады. Бұл әрекет мемлекетке үлкен зиян келтірді”, – деп хабарлады агенттіктің ресми өкілі Арман Тлеукенов.
Активтерді қайтару бойынша жұмыс жалғасуда.
Тергеу мүддесі үшін өзге ақпараттар жарияланбады.
Кейбір ақпарат көздерінің мәліметінше, күдікті - 2016-2022 жылдары Әділет министрі болған Марат Бекетаев.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"