Қазақстанның бірқатар аймағында дауылды ескерту жарияланды
"Қазгидромет" РМК 9 желтоқсанда Қазақстанның жеті облысында дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі. Оралда түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.
Түнде Маңғыстау облысының солтүстігінде 22°С дейін қатты аяз сақталады.
9 желтоқсанда Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде қатты қар жауады. Кей жерлерде бұрқасын, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерінде 15-20 м/с дейін жетеді.
Павлодар облысында қар жауады. Кей жерлерде бұрқасын болып, тұман түседі. Батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с жетеді.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал. Таразда тұман түседі.
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі
Қазақстан үкіметі қазақстандық кәсіпкерлерге берген уәдесін неге орындамады?
Кәсіпкерлер жаңа талаптарға байланысты наразылық білдіріп жатыр