Қазақстанның білім министрлігі компьютерлер үшін дүниежүзілік банктен алған қарызды қайда жіберді: Депутаттардың шағымына министрлік жауап берді
Қазақстан депутаттары білім және ғылым министрлігі онлайн білім беруді дұрыс ұйымдастырмады, дүниежүзілік банктен алған қаражатты қалталарына салды деп айыптаған. Мәселеге қатысты министрлік жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова онлайн брифинг барысында дүниежүзілік банктен алған қарыз тоқтатылғанын мәлімдеді. Сонымен қатар, 2021 жылға жоспарланған республикалық бюджет биылғы жылға қосылатын болады.
"Қарыз алу бойынша мәселе 2014 жылы басталған болатын. 2018 жылы шешім шығып, депутаттардың барлығы қолдаған болатын. Халықаралық қарыз болғандықтар арнайы жоспар бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп келе жатыр. Депутаттар неліктен дүниежүзілік банктен алған қаржыға техника алынбай жатыр деп шағым білдіруде. Тиісті қаражаттар 2021 жылға қарастырылған. Осы қарыз шеңберінде контенттік жұмыстарды жоспарлап, оны аяқтайтын боламыз. Контент жағын ретке келтіргеннен кейін ғана құжат алу жоспарлаған болатынбыз", - деп түсіндірді ол.
Дегенмен, пандемия жоспарларды толығымен өзгерткен. Қазіргі таңда министрлік онлайн түрде білім беруді жеткілікті деңгейді ұйымдастыруға тырысып жатқанын жеткізді.
"Алайда пандемияны ешкім ескерген жоқ. Қазір жедел түрде сатып алу жүріп жатыр. Егерде біз осы қарыз көлемінде техника сатып алуға үлгереміз десек, техника келесі жылы ғана келетін едік. Қазіргі таңда министрлік қарызды тоқтатты. Республикалық бюджеттен, жергілікті бюджеттерден мектептерді техникамен жабдықтау басталды", - дейді вице-министр.
Сонымен қатар, министрлік алдағы уақытта қанша техника алу жоспарланып отырғанын айтады.
"Дүниежүзілік банктен алынған қаражаттан бас таттық. Оның қаржы министрлігіне тапсырамыз. Алдағы уақытта бюджеттен 500 мың компьютер алу жоспарлануда", - дейді білім және ғылым министрлігі Білім беруді цифрлық трансформациялау департаментінің директоры Қанат Кеңбай.
Еске сала кетейік, осыған дейін депутаттар білім министрлігін онлайн білім беруге дайын емес деп айыптаған.