Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бекшин, мен мектепке барғым келеді": Алматылық оқушылар флешмоб жасап, наразылық білдірді

Алматылық балалар флешмоб жасап, қаланың бас санитарлық дәрігерінен мектепке баруға рұқсат беруге көндірмек, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

Ата-аналар балалардың үйде отырып жалыққанын айтады. Олар жаңа оқу жылында мектепке барамыз деп үміттенген. Алайда, пандемия жағдайына байланысты алғашқы жарты жылдықта қазақстандық оқушылар қашықтан оқуын жалғастырады. Тіпті бірінші сыныпқа баратын оқушыларға да мектепте оқуға рұқсат берілмеген. Ата-аналар мен балалар флешмоб жасап, билікке назын жеткізбек болған. 

"Бекшин, мен мектепке барғым келеді" деген сөздерді жазып, шағымын жеткізген балалардың бейнежазбасы желіде кең тарап кетті. Үйден оқығысы келмеген балалар, мектепті ашуды талап еткен. 

"Барлық балалар тең, барлығы бірдей оқуға құқылы. Басқа қалаларда сияқты, Алматыда да балалар мектепте оқуы керек", - дейді Айжан Серікова.  

Сонымен қатар, ата-аналар жұмысқа кетсек, балаларымызды ешкім қадағалай алмайды деп отыр. 



"Әрине бұл балалардың қалауы. Олар мектепте оқығысы келеді. Төрт қабырғаға қамалып отырған оңай емес. Бір барлығымыз жұмыс жасайтындықтан, балаларды қадағалай алмаймыз. Олардың үйде оқуына жағдай жасау да қиын", - дейді ата-аналардың бірі Ксения Митина. 

Пандемияға байланысты ерекше балаларға білім беру ата-аналардың міндетіне айналды. Анара Таубалдиева 12 жасар қызының мектепке барып оқғанын қалайды. Ақыл-есі кеш дамыған қыз не себепті сабаққа бара алмайтынын түсінбей ашулы.

"Сіз маған қалай үйретуді білмейсіз. Мен мектепке барғым келеді" деп қызым күнде жылайды. Балалармен жұмыс жасайтын психологты, дефектологты және басқа мамандарды ата-аналар қалай алмастырады. Қызым менің айтқанымды істегісі келмейді, оқыту өте қиын. Мұндай баланы қашықтан қалай оқытуға болады?" - дейді ол. 

Ал елордалық мұғалімдер кіші сыныптағы балалардың мектепке келуіне рұқсат берген жөн деп санайды. Аз адамдық сыныптар құрып, балаларға жағдай жасауға болатынын айтады олар. 

"Бірінші төртінші сыныптар оқитын болады. Әр 15 минут сайын қалған сыныптар кіргізіледі. Бізде 10, 15, 5 минуттық үзіліс бар. Ең көбі төрт сабақ болады. Үзілістер кезінде дымқыл тазарту және кварцтеу жүргізіледі", - дейді директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Сандуғаш Әлібекова.

Алматы мектептері де санитарлық шараларды сақтауға дайын. Мұғалімдер сабақ мектепте болмаса, оқушылар бағдарламаны игере алмайтынын айтады. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр