Қазақстандық теннисшілер Уимблдон-2025 турнирінің алғашқы кезеңінде жарысты аяқтады

Уимблдон-2025 турнирі қазақстандық спортшылар үшін сәтсіз басталды — ел намысын қорғаған барлық теннисшілер бірінші айналымнан әрі аса алмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик испаниялық Хауме Мунармен өткен бес сетке созылған тартысты матчта жеңіліп қалды. Кездесу 4:6, 6:3, 4:6, 7:6(5), 2:6 есебімен аяқталды.
Юлия Путинцева да жарыстан ерте кетті. Ол америкалық Аманда Анисимовадан 0:6, 0:6 есебімен ойсырай жеңіліп, матч барысында көз жасына ерік берді.
Сондай-ақ Александр Шевченко мен Бейбіт Жұқаев та алғашқы кезеңде қарсыластарына есе жіберіп, турнирмен қоштасты.
Осылайша, Қазақстан атынан қатысқан барлық теннисшілер Уимблдон-2025 додасын бірінші айналымда аяқтады.
Қаскелеңдегі атышулы құпия ит сою орны мен ет тасымалы: Істің 1 жылдан кейін тоқтатылғаны белгілі болды
Мина Исмаилова: "Сою орны әлі күнге дейін жұмыстарын жалғастырып жатқанына сенімдімін"
"Қол қусырып тұра алмадым": Алматылық әке 1 жастағы көршісінің баласын қалай аман алып қалғанын айтып берді
Әкенің айтуынша, балаларына анасының өмірден өткенін түсіндіру де оңай болмаған

