Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жөндеу жұмыстарын аяқтамаса да 78 миллион теңге төлеген: Жамбыл облысында жауаптылар жазаланды

мектеп
Фото: pexels.com

Жамбыл облысында мектепті күрделі жөндеу кезінде бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалану фактілері анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бас прокуратура мәліметінше, Тұрар Рысқұлов ауданының прокуратурасы бюджет қаражатының жұмсалу заңдылығына талдау жүргізген.

Тексеру барысында Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектепке жүргізілген күрделі жөндеу кезінде мердігер ұйымға орындалмаған жұмыстар үшін 78 миллион теңгеден астам қаражат төленгені анықталды. 

“Прокурорлық қадағалау актісі негізінде аталған қаражат толық көлемде бюджетке қайтарылды. Аудандық білім бөлімі, мердігер ұйым, авторлық және техникалық қадағалауды жүзеге асырған тұлғалар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 317-бабы (Сараптама жұмыстарын және инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға жалпы сомасы 1,4 миллион теңге айыппұл салынды”, – делінген хабарламада. 

Қабылданған шара нәтижесінде мердігер ұйым жөндеу жұмыстарын толық көлемде әрі белгіленген мерзімде аяқтады. Осыдан кейін мектеп пайдалануға берілді.

Нұрила Жұмаділлә
Сенбі, 27 Маусым, 2026 13:22