Қазақстанның бас санитар дәрігері елімізде карантин режимі қайта қатаңдауы мүмкін екенін ескертті

Қазақстанның бас санитар дәрігері елімізде карантин шаралары қатаңдауы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

карантин

"Егер ауру жұқтыру деңгейі тағы көбейсе, бұрынғы қатаң карантиндік шараларға оралуға мәжбүр боламыз. Коронавирустың қандай қауіпті екенін бағамдауымыз керек. Барлық ережелерді ұстану қажет, олар аса қиын да емес. Қол тазалығы, әлеуметтік ара қашықтық біздің өмір салтымызға енуі керек. Вирусты қаншалықты еңсеретініміз өзімізге тікелей байланысты", - деді Есмағамбетова.

Бұған қоса ол коронавирусқа сенбейтін азаматтарға жүгінді. Сөзінше, қазіргі күннің өзінде коронавируc - жалған дейтіндер де бар екен. 

"Статистикадан қашып құтылуға болмайды. Коронавирус әлемнің 215 мемлекетіне тарады. Эпидемия жарияланды. 5,5 миллионнан астам жұқтыру жағдайы тіркелді. 350 мыңнан астам адам қайтыс болды. Мұның барлығы коронавирустың қандай маңызды екенін көрсетпей ме? Иә, Қазақстандағы жағдай тұрақты, себебі бізде қамданатын уақыт болды. Қытайдағы індет желтоқсанның соңында, қаңтарда басталып, көршілес әріптестерден көп нәрсе үйрендік. Бұл уақытта арнайы база мен мамандарды, зертханаларды әзірледік. ҚР Президенті дер кезінде төтенше жағдай жариялады. Барлық әлеуметтік қарым-қатынасты шектедік, жұмысқа бармадық. Көптеген нысандардың жұмысы тоқтады. Мұның барлығы жаппай жұқтыру мен өлім-жітімнің алдын алуға көмектесті", - деп қосты бас санитар дәрігер. 

Еске салайық, бұғна дейін ол қалалардағы блок-бекеттердің алынуы туралы сөз қозғаған еді. 


 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр