Қазақстанның барлық өңірі дерлік "қызыл" аймақта
2021 жылғы 9 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары.
"Сары" аймақта: Түркістан облысы.
9 тамыздағы мәлімет бойынша 113 186 адам коронавирус инфекциясынан (109 382 КВИ+ және 3 804 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 31 504 пациент стационарда, 81 682 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 1 981 адамның жағдайы ауыр, 402 пациенттің жағдайы өте ауыр, 192 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Астаналық тұрғын ұлының Қазақстанда жоқ диагнозына ем таппай жүр
Бұндай диагноз Қазақстанның емдеу хаттамасында мүлдем жоқ.
«Қазақстан халқына» қоры енді құны 1 миллиард теңге тұратын Zolgensma препаратын сатып алуға көмектеспейді: Дертке шалдыққан балалардың ата-аналары алаңдаулы
Қазақстандықтар: "Миллиондаған ақшаны түрлі концерттер, қажетсіз дүниелерге жұмсағанша, әр балаға көмектессін!”